15-лекция
Тақырыбы: Оқыту технологиялары, оларды тиімді
таңдау және пайдалану жолдары.
Мақсаты: Оқыту технологияларын, оларды тиімді таңдау және
пайдалану жолдарын меңгерту.
Жоспары
1.Оқыту
технологиялары және олардың ерекшеліктері
2. Оқыту
технологияларын тиімді таңдау жолдары
1.Оқыту технологиялары және
олардың ерекшеліктері
Қазіргі уақытта білімде
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жасау және
тарату, инновацияларды өрістету талаптары қойылып, оған
жағдайлар да жасалуда. Осыған орай, оқу үрдісінде
деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.А.Қараев), жүйелік
негізде оқыту технологиясы (Г.Г.Ғалиев), блокты-модульдік
технологияны (М.Жанпейісова) колдану қажет. Сондай-ақ,
әсіресе айнала қоршаған табиғатпен, ондағы заттар
мен денелер және түрлі құбылыстарды таныту, оларда
жүретін заңдылықтары мен құпия сырларын білдіру
үшін 1-сыныптан 4-сыныпқа қарай күрделендіру принципімен
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
баланың танымдық деңгейінің көтерілуіне,
өзіндік ой-пікірлер түйіндей алуына толық мүмкіндік
жасайды. Сонымен бірге баланың шығармашылық
қабілеттерінің дамуына түрткі болады.
Шығармашылық әрекеттер арқылы шығармашылық
қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды.
Шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығы, икемділігі,
тапқырлығы, дәлдігі болып табылады. Мұндай қасиеттер
балада туа біткен қабілеті мен түрлі тапсырмалар орындау барысында
туындайды, қалыптасады, дамиды.
Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуцийдің «Естігенімді
ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз
ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық
сөздері мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту
үшін берілмейді, басқаның ойына қозғау салу
үшін беріледі деген пікірмен үндеседі. Яғни білім беру
процесінде мұғалім материалды дайын күйінде бермей бала
ізденісіне жол ашатындай, ойлау жүйесіне түрткі болатындай
әдіс-тәсілдерді үйлесімді таңдай білсе, сонда
ғана бала өзіндік ойлау қабілеті бар жеке тұлға
болып қалыптасады. Мұндай жағдайда оқу жүйесінде
дәстүрлі оқыту түрлерінен алшақтап дамыта оқыту технологиялары енгізілуде.
Дамыта оқыту технологиясы-
баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін
қалыптастыру, байқампаздығын, практикалық
әрекеттерін, өз бетінше ізденуге шешім қабылдауға
дағдыландыру, ұшқыр қиялға баулу, логикалық
ойлауын дамыту т.б.
Дамыта оқыту технологиясы
құрамдас бөліктері де мақсаттары мен сапалық
нәтижелері де дәстүрлі оқыту жүйесіне
мүлдем қайшы келеді. Айталық, дәстүрлі
оқыту жүйесінде дайын нұсқаулар мен анықтамалар
білдіру, яғни балада бағдарлама төңірегінде білім, білік, дағды қалыптасады,
ал ұшқыр ойлауға, байқампаздыққа,
ізденушілік, зерттеушілік қасиеттерге стихиялы түрде барады.
Ғалымдардың
зерттеулері бойынша баланың дамуына 3 түрлі фактордың
қатысатындығын дәлелдейді. Олар: 1. Биологиялық фактор.
Бұл ата-анадан берілген, туа бітті пайда болатын қасиеттер. 2. Әлеуметтік фактор.
Бұл бала өмір сүретін, ең алдымен адамдардың
ортасы, яғни баланың өсіп дамитын рухани орта әсері. 3.
Баланың өз белсенділігі.
2. Оқыту технологияларын тиімді таңдау
жолдары
Қаншалықты
бастауышта жаратылыс ғылымынан білім берудің жалпы мақсаты -
әлем көрінісі жайлы қарапайым ғылыми түсініктер
мен ұғымдарынын қалыптастыру және баланың жеке дамуын қамтамасыз
ету мен жан дүниесін тәрбиелеу болса, ал әрбір
сабақтағы мақсаттар жоғарыдағы жалпы
мақсаттарға қол жеткізуге көмектесіп, мүмкіндік
береді. Бұл дегеніміз мұғалім әр сабақтың
мақсатын анықтай отырып жалпы ортақ мақсаттың
орындалуына қол жеткізетін сабақтар жүйесін
құрастырады. Сондықтан, сабақ мақсаттары бірінші
реттік және екінші реттік мақсаттардан тұрады.
Сабақтың
мақсатын ойластыру барысында мынадай
3 сұрақтарға жауап табу керек:
-Не меңгерілу тиіс?
-Меңгерту процесінде
жаңа ұғымдардың белгілі қандай қызметтері
туралы айтылады?
-Қандай маңызды
мазмұны тірекке алыну керек?
Сабақтың
мақсаты деп пәнді оқыту процесінде қалыптасатын
білімнің құнды жүйелері. Ең маңыздысы
баланың жеке басының қасиеттері - бұл әлеуметтік
белсенділігі, ойлау және кенеттен тығырықтан шығу
қызметтері, айналадағы құбылыстарды түсіне,
талдау, теориялық білімдерін іс жүзінде тұрмыста
қолдана білу, түрлі тапсырмаларды өз бетінше орындау
қабілетін дамыту т.с.с.
Екінші маңыздылығы
мұғалімнің оқу-тәрбиелеу процесіндегі жетекші
ролін түсінуі. Шығармашылықпен айналысатын кез келген
мұғалім бірсарындылықтан алшақтап, эвристикалық
оқыту әдістерін пайдалана отырып шығармашылықпен
жұмыс істейтін орта түзіп, балалын интеллектін дамытатын
жағдай жасауға ұмтылады.
Үшінші маңыздысы
сабақта түрлі әдістер мен тәсілдерді үйлесімді
қолдана алу шеберлігі. Оқытудың әдістері мен
тәсілдерін таңдауда сабақта нақтылық болу керек.
Сабақта материалды меңгертуде әр алуан тәсілдерді пайдалану,
әсіресе, бастауыш кластарда мұғалімнің алдын ала
ойластырған белгілі бір жүйесі мен тәртібін талап етеді.
Ұжымдық оқыту
жағдайында баланы жеке тұлға етіп қалыптастыруда,
яғни баланың топпен қарым-қатынасқа түскен
мезетте ғана түрлі адами қасиеттер қалыптасып, дамиды,
айталық, белсенділік, еңбек сүйгіштік, көпшіл, т.с.с.
Бақылау
сұрақтары:
1. Оқыту
технологиялары дегеніміз не?
2. Жаңа
оқыту технологияларының дәстүрлі сабақтан
қандай айырмашылығы бар?
3. Жаңа
оқыту технологияларын таңдау принциптері қандай?
4. Дамыта
оқыту технологиясының ерекшелігі не?
5. Модульдік
оқыту бастауышқа тән бе, қалай сипатталады?
6.
Деңгейлеп оқыту технологиясының негізі қалай
сипатталады?
7.
Ұжымдық оқыту технологиясы деген не?
Қажетті
әдебиеттер:
1. Аймағамбетова Қ.
Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы. –Алматы:
Полигафия-сервис и К., 2006.-248 б.
2. Сихимбаева С.М. Дүниетану
теориясы мен технологиясы. Оқу құралы. -Шымкент: Нұрлы
бейне, 2008.- 148 б.
3. Петросова Р.А., Голов В.П., Сивоглазов В.И. Методика обучения
естествознанию и экологическое воспитание в
начальной школе.- Издательский центр: Академия, 1999.-96с.
4. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. -Алматы:
Баспа, 2000.-84 б.
16-лекция
Тақырыбы: Оқыту нысандары, оған қойылатын
жалпы талаптар
Мақсаты: Оқыту нысандары жайлы білім беру және
оған қойылатын жалпы талаптарды меңгерту.
Жоспары
1. Оқыту
нысандары дегеніміз не?
2. Оқыту
нысандарына қойылатын талаптар?
1. Оқыту нысандары дегеніміз не?
Дүниетану сабақтарында
табиғи көрнекі құралдар басқа көрнекі
құралдардан басым түсуі шарт. Табиғи көрнекілік
оқу- шыларға тірі обьект жайында нақты шындыққа
үйлесімді ұғым береді.
Оларды төмендегідей типтерге жіктеуге
болады:
1. Табиғаттың өлі табиғи
обьектілері.
2. Тірі өсімдіктер мен жануарлар.
3. Гербарийлер.
4. Жануарлар және олардың
мүшелерінің коллекциялары.
5. Консервеленген және фиксацияланған
обьектілер.
6. Жануарлар тұлыптары.
2. Оқыту нысандарына қойылатын
талаптар?
1. Оқушыларды бақылау обьектісімен
және оның мақсат- тарымен таныстыру;
2. Жұмыс дәптеріне бақылау
жоспарын жазу;
3. Бақылау барысымен және оның
ұсынылған тәсілімен, фактілерді белгілеу ережелерімен
таныстыру;
4. Сипаттау, бейнелері мен қорытындыларды
беру.
Бақылау сұрақтары.
1. Оқыту
нысандары дегеніміз не?
2. Оқыту
нысандарына қойылатын талаптар?
3. Оқыту
нысандарын таңдау жолдары?
4.
Қоршаған ортаны тану жүйелілігі?
5. Оқыту
нысандарын сипаттау кезеңдері қандай?
Қажетті
әдебиеттер:
1. Аймағамбетова Қ.
Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы. –Алматы:
Полигафия-сервис и К., 2006.-248 б.
2. Сихимбаева С.М. Дүниетану теориясы мен технологиясы. Оқу
құралы. -Шымкент: Нұрлы бейне, 2008.- 148 б.
3. Петросова Р.А., Голов В.П., Сивоглазов В.И. Методика обучения
естествознанию и экологическое воспитание в
начальной школе.- Издательский центр: Академия, 1999.-96с.
4. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. -Алматы:
Баспа, 2000.-84 б.